2018 жылғы 29 қаңтарда колледж халықаралық институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден табысты өтті.

Құрметті мектеп түлектері!

Сіздердің өмірлеріңіздегі ең басты – болашақ тағдырыңызды айқындайтын кезең де келіп жетті.

Кім боламын, қандай мамандық таңдасам екен? Бұл сұрақтар баршаңызды толғандырады. Кімде –кім өз жолын нақты анықтаған да шығар, ал әлдекім әлі өз қалауын таба алмай жүрген болар. Қандай жағдай болса да, бұл сұрақтардың дұрыс жауабын табу сіздердің өздеріңізге байланысты. Кәсіби жоспарыңызда табысқа жетесіз бе, сұранысқа ие маман бола аласыз ба, өз мақсат –мүдделеріңізді жүзеге асыра аласыздар ма – осының бәрі сіздердің қазір қандай шешім қабылдайтындарыңызға байланысты.

Әрине, сіздің кәсіби табысыңыздың кепілі –оқу орнында алған сапалы біліміңіз. М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі 9 жылдан аса көлік саласының жоғары білікті мамандарын даярлайды.

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі жұмыс берушілердің көбі үшін жұмысқа қабылдауда маңызды негіз болып табылады және бұл колледжде берілетін білімнің жоғары сапасының үздік дәлелдемесі.

 

Біздің колледжді таңдасаңыз, сіз:

  • жаңашыл білім және ақпараттық технологияларды пайдаланумен білім аласыз;

  • өзіңіздің коммуникативтік, ақпараттық құзіретіңіздің деңгейін арттырасыз;

  • белсенді студенттік өмірге қатысасыз;

  • еңбек нарығында сұранысқа ие қызықта да болашағы бар мамандықты игересіз (орта кәсіптік білім бағдарламасы бойынша мемлекеттік үлгідегі диплом);

  • қысқа мерзімде жүзеге асырылатын жоғары кәсіптік білім бағдарламасы бойынша М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында оқуыңызды жалғастыра аласыз!

Мамандықтардың әртүрлілігі сіздерді қызықтыратын мамандықты таңдауға мүмкіндік береді. Сіздер өміріңізде сенімді қорған болатын нақты достарды табасыз. Егер сіздер сұранысқа ие маман болғыларыңыз келсе, онда М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі – сіздерге қажетті оқу орны!

Біз сіздерді күтеміз!

Қош келдіңіздер!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

Қабылдау комиссиясының байланыс телефоны:

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР


ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

«Талапкерге» - «Құжаттарды тапсыру мерзімі» бөлімінде колледжге түсуге электронды түрде құжат тапсыру бойынша нұсқаулық орналастырылған!


БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ!!!

9- және 11-сынып негізінде келесі мамандықтар бойынша оқуға шақырамыз:

  • Есеп және аудит
  • Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету
  • Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
  • Теміржол көлігінде автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару
  • Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы.