2018 жылғы 29 қаңтарда колледж халықаралық институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден табысты өтті.

02.06.2021 ж.күні М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінде ұрпақтар сабақтастығы жобасы аясында, «Ұлы бардың-өзі бар» тақырыбымен дөңгелек үстел сұхбаты өткізілді.


Мақсаты: Тұңғыш темір жол инженері, алаш зиялысы - Мұхамеджан Тынышпаевтың артында қалған ұрпақтарымен тығыз байланыс орната отырып, аға буын өкілдерінің ел үшін жасаған еңбегін ұмытпау және болашақ темір жолшы студенттерге насихаттау.


Дөңгелек – үстел сұхбатының басты қонағы –М.Тынышпаевтың ұлы яғни мұрагері- бүгінгі күні Давлет Шейх-Али (Тынышпаев).

 

Аталмыш іс –шараға  «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-нан әлеуметтік серіктестер,  темір жол ардагерлері, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының өкілдері,  БАҚ өкілдері қатысты.

 

Кеш барысы: қонақтарды колледждің көркемөнерпаздары қарсы алып, 2021-2022 оқу жылына талапкерлер қабылдау комиссиясының ашылу салтанатынан басталып, колледж мұражайындағы іс шарамен жалғасын тапты. Дөңгелек үстелді М.Тынышпаевтың ұлы, мұрагері Давлет Шейх-Али Тынышпаев ашып, әкесінің өмірі туралы айтып берді. Одан соң,  сөз алған  М.Тынышпаев атындағы қоғамдық қордың Президенті  Нуршакен Жунусова колледжге Мұхамеджан Тынышпаевтың портретін, кітаптарын колледж мұражайын тарту етті.

 

Барлық  қонақтар, Мұхамеджан Тынышпаевтың мемориалды тақтасына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

 

Кеш соңында барлық дөңгелек үстел қатысушыларына сертификаттар табыс етілді

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

Қабылдау комиссиясының байланыс телефоны:

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР


ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

«Талапкерге» - «Құжаттарды тапсыру мерзімі» бөлімінде колледжге түсуге электронды түрде құжат тапсыру бойынша нұсқаулық орналастырылған!


БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ!!!

9- және 11-сынып негізінде келесі мамандықтар бойынша оқуға шақырамыз:

  • Есеп және аудит
  • Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету
  • Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
  • Теміржол көлігінде автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару
  • Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы.