1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.
Бүгін колледж студенттері, барша Қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Колледж директоры А.Молгаждаров іс шараға қатысушы студенттерге М.Тынышпаевтың значогін табыстады. 1 курс студенттері үшін «Рәміздерім мақтанышым» тақырыбында ТҰ-20/1 тобы - топ жетекшісі З.Е.Маметаева, ОП-20/2 тобы – топ жетекшісі А.Карабаева, ЭҚ-20/1 тобы - топ жетекшісі А.Тайтолеуова, ҒС-20/1 тобы – топ жетекшісі Л.Сауекенова, ҒС-20/2 тобы – топ жетекшісі – Г.Калел ашық тәрбие сағаты өтті.
Мереке құтты болсын!