2018 жылғы 29 қаңтарда колледж халықаралық институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден табысты өтті.

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақмола колледжі

 

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақмола колледжі қазіргі заман талабына сай, бәсекеге  қабілетті мамандар даярлайтын оқу орны.  1959 жылы Омск теміржол көлігі инженерлер институтының оқу-кеңестік пункті ретінде негізі қаланып, 1980 жылы АлТИИ филиалы болып, 2007 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының  базасында Ақмола колледжі ашылды.

Қазіргі заман талабы, сұранысқа  ие мамандарды  даярлау үшін көптілді қолдану мақсатында  -  тәжірибе түрінде үш тілде сабақ жүргізу қолға алынды. 1 курс студенттері үшін Қазақстан тарихы, қоғамтау пәндері, 2,3,4 курстарда  арнайы  пәндер үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Колледж теміржол саласының 8  мамандығы бойынша  мамандар дайындайды:

0518000 – «Есеп және аудит» (салалары бойынша)

0902000 – «Электрмен қамтамасыздандыру» (салалары бойынша)

1108000– «Темір жол  жылжымалы құрамдарын  пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» (түрлері бойынша)

1203000–« Темір жол  көлігінде  тасымалдауды  ұйымдастыру және қозғалысты басқару»

1303000–« Темір жол көлігіндегі автоматика, телемханика және  қозғалысты басқару»

1401000 -  «Үйлер  мен ғимараттарды  салу және пайдалану»

1409000 – «Темір жол  құрылысы, жол  және жол шаруашылығы»

Қысқа мерзімді курстар:

- Жолаушылар вагонының жолсерігі;

- пойыз электромеханигі;

- билет кассирі;

- бағыттама бекетінің кезекшісі;

Осы жылдар ішінде колледжден теміржол саласына 4000-ға жуық мамандар дайындалып шықты. Теория мен тәжірибені ұштастыру мақсатында колледже 2012 жылдан бастап дуалды оқыту жүйесі  енгізілді.

Тәжірибелік оқуды  колледждің оқытушыларымен «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ-ның мамандары жүргізеді. Тәжірибелік сабақтар «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінде өтеді. Олар: 

  • «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ-ның филиалы - «Көліктегі технологиялар орталығы»
  • «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ-ның филиалы - «Вагон – Сервис» АҚ
  • «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ-ның филиалы - «Астананың аралық бағдары мен байланысы»
  • «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ-ның филиалы - «Камкор-Локомотив» Астана локомотив жөндеу депосы» ЖШС
  • «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ-ның филиалы - «Локомотив» Астананың локомотив депосы АҚ (пайдалану)
  • «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ-ның филиалы - «Астана» станциясы
  • «Локомотивтік сервис орталығы» АҚ-ы
  • «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ-ның филиалы «Астананың электрмен қамту дистанциясы»

 «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ның құрылымдық бөлімшелері М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінің әлеуметтік әріптестері болып табылады. Жыл сайын  әлеметтік әріптестік базасында  тәжірибеден 500-600 студент  өтеді.  104 әлеуметтік әріптестік туралы  келісім шарт жасалынды.

Әлеуметтік әріптестіктің нәтижесінде 42  студент жұмысқа қабылданды. 87 % түлектер жұмыспен қамтамасыздандырылды. 

2013 жылдың ақпан айынан бастап, «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ-ы колледжің тікелей құрылтайшысы болып, сонымен бірге қазіргі уақытта болашақ жан-жақты мамандар даярлау үшін «Қазақстан темір жолы» талаптарына сәйкес  оқыту процесіне түбегейлі өзгерістер енгізу жүргізілуде. 

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі студенттерінің өзін-өзі басқару жұмысы әлеуметтік маңызы бар ерекше түрде қаралады. Студенттік  кеңес Астана қаласында  барлық  оқу орындарымен, жастар ісі жөніндегі  қоғамдық  бірлестіктермен, салауатты өмір салтын қалыптастыру  орталықтарымен, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыстар атқарды. Колледж студенттері қалалық  мәслихат депутаттары, «ЖасОтан» жастар қанатының  мүшелері.

Колледждің жұмысының тәжірибесінде студенттің мәдениетті бос уақытын пайдалану үшін келесі бағыттар жұмыс жасайды:

      *    қызығушылықтар бойынша клубтар;

  • шығармашылық топтардың қызметін ұйымдастыру;
  • спорттық секциялардын жұмысын ұйымдастыру;
  • мәдени іс шаралар жұмысын ұйымдастыру. 

     Колледжде 200 орындық студенттік жатақхана бар. Жатақхана  жұмысын ұйымдастыруда, колледж территориясын көгалдандыруда, студенттер уақытын тиімді өткізуде жатақхана студенттері ат салысады.

     Колледждің  «Теміржол тарландары» КВН командасы, бишілері мен әншілері Қазақстанның  әр қаласында  өткен  сайыстарды  жүлделі  орындарда. Мерекелік іс шаралар  үнемі  колледж  әкімшілігінің  қолдауы мен және басшылығымен жастар ісі жөніндегі  комитеттің  ұйымдастыруымен  өткізіледі. Вокал, хореография, театр өнері студенттерді бос  уақыттын  тиімді  пайдаланып, өнерге  деген  құштарлықтарын арттырады.

           Салауатты  өмір салтын  ұстанатын  студенттер спорпен  оқуды қатар  алып келеді. Колледжде спортқа  деген қызығушылық күн санап  артып келеді. «Қазақ күресі», «қол күресі» гір  көтеруден  колледж  студенттері  алдына  жан салмайды.

Әскери патриоттық  іс шараларға  да  көңіл бөлініп  отырады. «Ақ Найза» әскери паториттық іс  шарада  соңғы  жылдары колледж  жүлделі орында. Биылғы  жылы  колледж І орынға  ие  болды. «Мерген» үйірмесі, спорттық секциялар студент өмірін одан  әрі  қызықты  етеді.

         Жыл  сайын  колледждің  үздік  студенттеріне М.Тынышпаев  атындағы  Қазақ көлік коммуникациялар академиясымен танысу мақсатында қысқы демалыс кезінде Алматы  қаласына  барып, ректормен  кездесу  мүмкіндігіне  ие  болады.

         Оқытушылардың қоғамдағы имиджін арттыру үшін «Үздік педагог», «Үздік топ жетекші» сайыстары өткізіледі.

FaLang translation system by Faboba

Қабылдау комиссиясының байланыс телефоны:

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР


ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

«Талапкерге» - «Құжаттарды тапсыру мерзімі» бөлімінде колледжге түсуге электронды түрде құжат тапсыру бойынша нұсқаулық орналастырылған!


БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ!!!

9- және 11-сынып негізінде келесі мамандықтар бойынша оқуға шақырамыз:

  • Есеп және аудит
  • Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету
  • Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
  • Теміржол көлігінде автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару
  • Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы.