29 января 2018 года колледж успешно прошел международную институциональную и специализированную аккредитацию.

Астана қаласы техникалық және кәсіптік білім беру аумағындағы студенттер және мектеп оқушылары арасында Тілдер мерекесі аясында өтетін «Азат елге аманат туған тілім» атты жас ақындардың «Мәңгілік ел» тақырыбындағы қалалық ҮІІ мүшәйрасының ережесі

І. Мақсаты мен міндеттері:

1.1. Астана қаласы техникалық және кәсіптік білім беру аумағындағы студенттер және мектеп оқушылары арасында Тілдер мерекесі аясында өтетін «Азат елге аманат туған тілім» атты жас ақындардың мүшәйрасында «Мәңгілік ел» идеясын өлеңге қосып, тәуелсіздіктің құндылықтарын, мемлекеттік тілді дәріптеу мен жоғары деңгейдегі поэзияны қолдана отырып мемлекеттік тілдің арнасын кеңейтілуін, үштілділік концепциясының дамуын насихаттауды көздейді, дарынды жастардың ақындық шеберлігінің шыңдалып, көпшілікке танылуына мүмкіншілік жасау мақсатында өткізіледі. 

1.2. Ұйымдастырушысы: Астана қаласы Білім Басқармасы

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының

Ақмола колледжі.

ІІ. Жас ақындар мүшәйрасының шарттары:

2.1.Мүшәйра 3 кезеңнен тұрады

1-кезеңде жас ақындар тақырыпқа сай әзірлеген өлеңдерін көрсетілген мекен-жайға немесе электрондық поштаға жібереді. Сараптамадан өткен өлеңдер 2 кезеңге жіберіледі. Сараптаманың нәтижесі 2017 жылдың 20 қарашасында хабарланады.

2-кезеңге жіберілген жас ақындар тақырыпқа сай әзірлеген өлең шумақтарын оқиды.

3-кезеңде әр қатысушыға конвертте ұсынылған сөзді қолдана отырып сол сәтте өлең шумағын шығару тапсырылады.

Бағалау талабы:

студенттің өлең шумақтарында тақырыпты ашуы, мазмұны, сахналық мәдениеті, студенттердің сөйлеу шеберлігі, ақындық дәстүрді жалғастыруы, жатқа айтуы, мәнерлеп оқуы, дауыс ырғағы, сахнада өзін ұстай білуі, киімі.

ІІІ. Жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастыратын құрылым

3.1. Жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастыратын және өткізетін Астана қаласы Білім басқармасы қызметкерлерінен және колледж өкілдерінен тұратын ұйымдастыру комитеті құрылады.

3.2. Ұйымдастыру комитеті:

  • Жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырылуын жүзеге асырады және өткізілу мерзімін анықтайды;
  • тапсырыстар мен ұсынылған материалдарды қабылдайды, қатысушылардың тізімін жасайды.
  • тапсырылған жұмыстардың сараптамасын жасайды, қорытындысын шығарады;

Жас ақындар мүшәйрасының қорытындысы туралы арнайы ақпараттарды барлық

қатысушы колледждерге таратады, колледждің сайтына енгізеді.

3.3. Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.

Ұйымдастыру комитеті:

Төрағасы: М.Тынышпаев атындағы Қаз ККА Ақмола колледжі директоры Е.Ауесбаев

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

  1. Кәсіби білім беру және мамандар даярлау бөлімінің әдіскері
  2. Директордың тәрбие ісі орынбасарының м.а. Ж.З. Бельгибаева
  3. Директордың әдістемелік ісі орынбасары Н.Ж.Маханова
  4. Колледждің оқу-әдістемелік бөлім меңгерушісі С.Р.Абдрахманова
  5. Колледждің әдіскері Шакирова Э.А.
  6. Бөлім меңгерушілері: Санкибаева А.Ж., Аймағамбетова Б.А., Оңғарбаева Б.Б.
  7. ПЦӘК жетекшілері: Г.Халел, Кешуова Р.Е., Мухтарханова Б.Д.

Колледждің байланыс құралдары:

 т./факсы: 8(71-72) 94-11-78

E mail: Аetova_56@ mail.ru, shakirova_elmira_a@ mail.ru

ІҮ. Байқаудың өткізілу мерзімдері

4.1. 2017 жылдың 17 қазанына дейін тапсырыстар және оқылатын өлеңдердің мәтіндері электрондық нұсқада қабылданады. Өлең мәтінінің көлемі 3 шумақтан кем болмауы тиіс.

4.2. Жас ақындар мүшәйрасы 3 кезеңнен тұрады:

 1-кезеңі сырттай өтеді.

  1. 3 кезеңдері 2017 жылдың 1 қарашасында көпшілік алдында өлеңдер шумағын оқу және берілген сөйлемдерге ұйқастырып өлең шығарып, оқу.

4.3. Іс-шара қортындысы бойынша дипломанттарды марапаттау 2017 жылдың 

1 қарашасында өткізіледі.

Ү. Жас ақындар мүшәйрасына қатысушылар

5.1. Жас ақындар мүшәйрасына Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің ынта білдіруші дарынды студенттері мен мектеп оқушылары қатыса алады 

5.2. Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының әрқайсысынан келген жас ақындар көтермелеуге ие болады.

5.3. Ұйымдастыру комитетінің қойған мақсаттары мен міндеттеріне сай келмейтін жұмыстарды ұйымдастыру комитеті қарамауына құқы бар.

ҮІ. Ұсынылатын жұмыстардың тәртібі

 6.1. 2017 жылдың 17 қазанына дейін ұйымдастыру комитетіне қатысушының аты-жөні, тегі, әкесінің аты, білім мекемесі, фотосуреті бар өлең мәтіні, телефон нөмірі, электронды поштасы (E-mail) жазылған файл тапсырылуы тиіс.

6.2. 2017 жылдың 20 қазанында мүшәйраға қатысушылардың тізімі хабарланады.

 ҮІІ. Жас ақындар мүшәйрасының өткізілу тәртібі

7.1. Ұйымдастыру комитеті келіп түскен материалдарды 2017 жылдың 17 қазанына дейін өңдейді.

7.2. Қатысушылардың материалдарының тіркелуіне қарай ұйымдастыру комитеті сараптама жасап, анықтайды және қатысушылар туралы пікірлерін білдіреді.

7.4. 2017 жылдың 1 қарашасында көпшілік алдында оқу кезеңі өткізіледі.

7.5. 3–кезеңнің шартын орындау үшін қатысушыларға 5 минутқа дейін уақыт бөлінеді.

ҮІІІ. Өлең мәтініне қойылатын талаптар

8.1. Өлең мәтіні тақырыпқа сай болуы шарт. Көрнекі құралдармен, бейне-фильм үлгісімен және тағы басқа жабдықтармен қамтылуына болады. Өлең мәтіні түсінікті тілмен сауатты жазылуы тиіс және автордың айқын көзқарасын білдіруі керек.

8.2. Өлең тақырыбы ұйымдастыру комитеті анықтаған тақырыпты қатаң сақтауы тиіс.

8.3. Егер өлең тақырыбы ұсынылған тақырыпқа сай болмаса байқауға қатыстырылмайды.

8.4. Өлең мәтіні мынадай талаптар арқылы дайындалады:

  • Қатысушының суреті, ол туралы мәліметі (аты-жөні, тегі, оқу орны, қандай мамандық бойынша оқитындығы, курсы, қатысушының ұстанымы) бар бетке өлең мәтіні теріледі. Microsoft Office World (шрифт 14, 1,5 - аралық жол, сол жақтан – 3 см, оң жақтан – 1,5 см, жоғарыдан және төменнен– 2 см, сілтеме мәтін ішінде жасалынады;

Х. Байқау қорытындысы

 және жеңімпаздарды марапаттау

10.1. Жас ақындар мүшәйрасына қатысқан әрбір автор жинаққа және «Өнерлі өрен» сертификатына ие болады.

10.2. Көпшілік алдында оқу кезеңінен өткендер алған орындарына қарай «Бас жүлде» І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен, «Ең жас қатысушы» және 4 қатысушы «Әділқазылар таңдауы», «Экспромт шебері», номинацияларымен марапатталады.

10.3. Оқылған шығармалар өлеңдер жинағына енеді.

10.4. Барлық қатысушылардың материалдары колледждің ақпараттық банкіне жинақталады.

 Сұраныс үлгісі (Қосымша 1)

Автордың аты-жөні

Жетекшісінің аты-жөні

Оқу орны

Мекен-жайы, телефоны

Орындау тілі

           
FaLang translation system by Faboba

Контакты приёмной комиссии:

Объявления

Уважаемые коллеги, студенты, родители и социальные партнеры!

Поздравляю Вас с майскими праздниками- Днем единства народов Казахстана и Днем Великой Победы!

Пусть крепнут узы единства народов нашей страны, успехов, процветания, благополучия всем! Пусть представитель каждой наицональности внесет свою лепту в укрепление нашего государства и крепнет дружба народов в нашей стране!

9 мая - это праздник, важный для каждой семьи и каждого гражданина. Эту дату никогда не вычеркнут из истории, она останется навечно в календаре, и всегда будет напоминать о тех страшных событиях и великом разгроме фашистских войск, прекратившем ад.

Мира и согласия во всем! Пусть над головой всегда будет ясное небо и яркое солнце! Желаю здоровья, успехов, радости и счастья!